Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор: Вайнер Мейіржан Төребаевтың ісінде қате кеткен жоқ

Мейіржан Төребаевтың ісінде қате кеткен жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 16:43 Сурет: видеодан скриншот
Алматыда танымал вайнерлердің сотқа тартылған қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 желтоқсанда Алмалы аудандық сотында Mudabarah Capital қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов және басқалардың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Айыпталушылардың барлығы - 12 адам.

Бірінші отырыста Мейіржан Төребаев істі прокурорға қайтаруды сұрады. Себебі оның сөзінше тергеуде заң бұзушылықтар бар.

Бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы, прокурор Ерлан Құланбаев қылмыстық істі тоқтатуға негіз жоқ екенін айтты.

"Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, ауыр қылмыстық істер бойынша алдын ала тыңдаулар міндетті. Істі прокурорға қайтаруға негіз бола алатын елеулі заң бұзушылық орын алған жоқ деп есептеймін".Прокурор Ерлан Құланбаев

Алдын ала сот отырысында сотталушылардың адвокаттары судьядан барлық жәбірленушілерді онлайн шақыру мүмкін болмағандықтан, келесі отырыстарды оффлайн режимге ауыстыруды сұрады.

Адвокат Т.Рүстемова, сонымен қатар сотталушы Руслан Бұрқанов судьядан «Astex KZ» ЖШС және Қазақстанның Тендер биржасының басшылары Алмас пен Шыңғыс Құрманғалиевтерді жауапқа тартуды сұрады. Олар қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ағайынды Құрманғалиевтер екенін алға тартады.

Ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейінгі рет оның қамауға алу мерзімі 18 желтоқсанға дейін ұзартылды.

12 желтоқсанда Алматы прокуратурасы істі сотқа жіберген.

Келесі отырыс 26 желтоқсанға жоспарланған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: