Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің туған күніне құтты болсын айтып, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарына қарағанда, Президент Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы атап өтілді.
Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.
Бөлісу
0
Толық оқу