Жаңалықтар тізбегі
0

Германияда жаңа жылдан бастап газ 112%-ға қымбаттайды – БАҚ

Германия, газ бағасы, газ, электр қуаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 09:43 Сурет: Zakon.kz
2023 жылы Германиядағы тұтынушылар үшін газ ақысы 112%-ға, электр энергиясының ақысы 44%-ға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай ақпаратты Handelsblatt басылымы Verivox компаниясы ұсынған мәліметке сүйене отырып жариялады.

Жылдық газ тұтынуы 20 000 киловатт-сағат болатын отбасы үшін төлем орташа есеппен 2 756 еуро болады. Бұл 2021 жылғы күзбен салыстырғанда 1 457 еуроға немесе 112%-ға көп.

Жылына шамамен 4000 киловатт-сағат электр энергиясын тұтынатын отбасы 1764 еуро төлеуі тиіс болады.

Қарашаның 26-сы күні Германия канцлері Олаф Шольц немістерге қаңтардан бастап энергияға тарифтерді шектеу енгізілетініне уәде берді, бұл халыққа "жаңа қиындықтарды жеңуге" мүмкіндік береді. Баға шектеуі шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарына әсер етпек.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: