Нью-Йоркте полицейі Димаш Ниязов оқырмандарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Нью-Йорк, полиция, Рождество Сурет: Instagram/dimash.niyazov
Қазақстанның тумасы, америкалық полицей, кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов 25 желтоқсан күні Instagram парақшасында оқырмандарын Рождество және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сондай-ақ желіге Санта Клауспен түскен отбасының суретін жүктеді.


Димаш Ниязов, Рождество

Сурет: Instagram/dimash.niyazov

"Merry Christmas and Happy New Year everyone. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге денсаулық пен махаббат тілеймін!", – деп жазды Димаш Ниязов.

Жауап ретінде инстаоқырмандары Димаш Ниязовты мерекемен құттықтады.


  • Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыңа бар жақсылықты тілеймін.
  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • Димаш, сені және тамаша отбасыңды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт тілеймін!
  • Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, Димаш, саған және сенің отбасыңа жақсылық, бақыт, табыс тілеймін, қиындықтар мен қылмыстар аз болсын, әріптес.


Димаш Ниязов Түркістан облысында дүниеге келген. Жасөспірім кезінде ол отбасымен бірге шетелге көшіп кетті, 13 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Нью-Йорк полиция департаментінде (NYPD) жұмыс істейді, Бруклин ауданын патрульдейді. Димаш Ниязов үздік полицей деп танылды. Ол кәсіпқой боксшы.

2018 жылғы шілдеде Димаш Ниязов сүйіктісі Дженниферге үйленді деген ақпарат тараған болатын. Осы жылдың мамыр айында Димаш Ниязовтың тұңғышы дүниеге келді.

1 маусымда Димаш Ниязов сәбимен түскен алғашқы суретін жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз