Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде баланы жәбірлеудің алдын алу қағидалары бекітілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, буллинг, мектеп, оқушы, бала, профилактика, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 11:37 Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрығымен Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеге сәйкес, білім беру ұйымының әкімшілігі баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және алдын алу жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді, баланы жәбірлеуге (буллингке) нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру ортасында жағдай жасайды.

Білім беру ұйымының басшысы баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мақсатында жыл сайын оқу жылының басында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі жоспарды бекітеді.

Жоспарға мерзімдер, аяқтау нысандары, жауапты тұлғалар және мынандай іс-шаралар кіреді:

  • тоқсанына кемінде 1 (бір) рет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, баланың заңды өкілдерінің жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделеріне қайшы келмейтін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын (әңгімелер, құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, сабақтан тыс іс-шаралар және басқалар) жүргізу арқылы хабардар болуын арттыру;
  • оқыту семинарларына (вебинарларға), семинар-тренингтерге, шеберлік сыныптарына, коучингтерге, конференцияларға, форумдарға, панельдік пікірталастарға қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, баланың заңды өкілдерін баланыжәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша және (немесе) ауызша түрінде) хабардар ету;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда дереу ден қою;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау, оларды оқыту, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз болу үшін ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие процесі мен білім беру ортасының жағдайларына мониторинг жүргізу;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мен болдырмау мәселесін ата-аналар комитетін тарта отырып, білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының отырыстарында қарау.

Бұған қоса құжатта білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша жұмысқа ата-аналар қоғамдастығының, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қызметі білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылатыны жазылған.

Бұйрық 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: