Атырауда неліктен ондаған тұрғын үй жылусыз қалды

Атырау, жылу трассасы, жылу, апат Сурет: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
26 желтоқсан күні коммуналдық қызметкерлер Атыраудағы магистральдық жылу құбырындағы апаттың себебін айтты. Апат салдарынан қалада 90 үй жылусыз қалған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының мәлімдеуінше, апатқа себеп болған – жылу өтетін жолдың тесілуі. Оны бітеуге 15 қызметкер мен бес техника жұмылдырылды.

Түс кезінен бастап жылу беру тоқтатылды. Кешке дейін жасап бітуге уәде берді.

Кешке қарай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиев "Ақ Жайық" басылымына берген сұхбатында ақау жойылғанын айтты.

"Дәнекерлеу жұмыстарын аяқтадық, жылу желілерін толтырып жатырмыз". Әлібек Мұханбеталиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз