"Қазселденқорғау" ММ бастығы Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

"Қазселденқорғау" ММ, парақорлық, пара Сурет: president.kg
"ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дереккөздің мәліметінше, "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрея Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын растады.

Бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған (2013 - 2018). 2019 жылдың тамыз айынан бастап "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін басқара бастады. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз