Қазақстандық студент автотұрақ радарын жасап шығарды
Сурет: С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан университетінің студенті отандық автотұрақ радарын ойлап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл құрылғыны жасау үшін "Информатика" мамандығының 2-курс магистранты Әділет Амангелдин жарты жыл уақытын жұмсаған. Тұрақ сенсорлары құрылғысы автомобильге арналған ультрадыбыстық сенсор арқылы жасалған.
"Көптеген автокөлік әуесқойлары тұрақ радарын жақсы біледі. Өйткені ол - автотұрақты, қоқыс жәшігін, биік жолды немесе тасталған жүкті анықтауға арналған белсенді жүргізушіге көмек көрсету жүйесі. Parktronic кедергілерді оңай байқайды және жүргізушіге дереу ескертеді".Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
Сурет: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
Студенттің айтуынша, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript