Жаңалықтар тізбегі
0

"Тереңірек дем алыңыз!". Алматылықтар қорқып, желіде видео жариялап жатыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 18:32 Сурет: видеодан алынды
27 желтоқсанда Алматы көгін айнала басқан қара түтін-тұман қала тұрғындарын қорқытып жіберді. Алматылықтар оның видеосымен желіде жаппай бөлісе бастады. Оған пікір қалдырушылардың кейбірі: "Тереңірек дем алыңыз" деп иронияға да жол берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эко-белсенді Павел Александров Facebook-тегі парақшасында қала экологиялық апатқа ұшырап жатқанын атап өтті.

"Міне, бүгінгі Алматының кішкене бөлігі. Кішкентай ғана, өйткені қаланың қалған бөлігі түтіннен, тіпті көрінбейді де. Мына масқараны сипаттайтын лайықты сөздер тіліме оралар емес. Жаман сөздерім де бітіп қалды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тұрғындар әлеуметтік желіде осы жағдайды сипаттайтын видеомен жаппай бөлісіп жатыр. 


Оған пікір қалдырушылардың басым бөлігі: "қаланы айнала басқан қара түтін алыстан қарағанда мұхитқа қатты ұқсайды" деп жазады.





Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК-ның 26 желтоқсандағы болжамында: "метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жинақталуына ықпал етеді" делінген.

"Жалпы, қала бойынша ауаның ластану деңгейінің артуы күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі


Сондай-ақ Airkaz.org сайтында қаладағы ауаның ластану деңгейі көрсеткіші жарияланған. 


Экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 18:32

Сурет: airkaz.org



Сайттың мәліметтері бойынша, РМ2.5 массалық концентрациясы ауа сапасын және оның адам денсаулығына қауіптілігін бағалауда негізгі параметрі болып табылады.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нормалары бойынша РМ2.5 орташа жылдық деңгейі 10 мкг/м3, ал орташа тәуліктік деңгейі 25 мкг/м3 аспауы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: