Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева Конституциялық соттың судьясы болып тағайындалды

Конституцияық сот судьялары тағайындалды Сурет: Zakon.kz
Сенат депутаттары ҚР Конституциялық сотының үш судьясының кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың үш судьясын дербес тағайындайтынын атап өтті. Кандидаттарды палата төрағасы ұсынады.

"Осыған байланысты КонституциялықсСоттың судьясы лауазымына Сарсембаев Ерлан Жақсылықұлының, Ескендіров Асан Қайруллаұлының, Қыдырбаева Айгүл Қуанышпаевнаның кандидатурасын ұсынамын".Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев

Сенат депутаттары судьялардың кандидатураларын қолдады. Олар жаңа қызметтеріне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Әзімованы ҚР Конституциялық сотының төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз