Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар бала әлі табылмай жатыр

Жоғалған баланы іздестіру жұмыстары Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбеде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылғы Данил Ахунов әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды. Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман алқаптары және жақын маңдағы су айдындары тексерілді. Сүңгуірлер кәріз құдықтарын тексеруде. 

Белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті.

Киімі: капюшоны бар қызғылт сары түсті күрте, ашық-көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ-киім.


Қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса, 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалу сұралады.

Бала 28 желтоқсанда жоғалып кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз