Синоптиктер Қазақстанның барлық аймағында дауылды ескерту жариялады
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Абай ауданында жауын-шашын (негізінен қар), облыстың шығысы мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болжанды. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде облыстың шығысында екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде солтүстікте, облыс орталығында екпіні 17 м/с.
Алматы облысында 5-6 қаңтарда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жамылғысына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге кіру ұсынылмайды. Тауда сақ болыңыз.
Астанада мезгіл-мезгіл қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (негізінен қар), облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар болады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскеменде жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с.
Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с. Таразда кей жерлерде тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Түнде және таңертең оңтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ. Оралда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағандыда бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыс орталығында 15-20 м/с.
Батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында тұман. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда түнде тұман басады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда баяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады деп болжанды. Облыстың оңтүстік-батысында төмен қарлы боран. Облыстың батысы мен шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында баяу бұрқасын. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел, солтүстік, батыс, облыстың таулы аймақтарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде екпіні 15-20 м/с.