Жаңалықтар тізбегі
0

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 01:53 Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Ол өз еркімен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, еліміздің Ұлттық құрама командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуін тіледі".

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама командасын 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Осы кезде Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.

Ол бас бапкер болған жылдары Қазақстан боксшылары әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) жеңіп алған.⠀ 

Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: