Елімізде зейнетақы қайта индекстелуі мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алтай Көлгінов өткен жылы зейнетақыны индекстелгенін еске салды. Ол бұл шаралар халықтың табысын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
"Зейнетақы өсті. Биыл инфляция да рекорд орнатты. Мұны ешкім жасырмайды. Сондықтан алдағы уақытта индекстеу де жүргізіледі. Биылға шешім қабылданып қойды". Алтай Көлгінов
Бұл ретте ол елімізде әлеуметтік жәрдемақылармен қатар дәрігерлердің, медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің жалақысы көтерілгенін тілге тиек етті.
"Жалпы, барлық салада жалақы өсіп жатыр. Оның ішінде жеке компаниялар да бар. Кәсіподақтар, жұмыс берушілер және жергілікті атқарушы органдар арасында үш жақты келісімдер бар. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі". Алтай Көлгінов
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есе көтеру жоспарланғаны мәлім болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript