Жаңалықтар тізбегі
0

"Қалың қар, ақтүтек боран". ҚР ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу тастады

Үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2023 11:05 Сурет: polisia.kz
2023 жылдың 7 қаңтарында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жүргізушілерді сақ болуға және ауа райының нашарлауы туралы хабарларды елеп-ескеруге шақырып, үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Жаңа жылдан бастап ауа райы күрт нашарлағанын баса атап өтті, делінген polisia.kz сайтында.

"Ең қиын күндер қаңтардың 3 мен 4-не келді. Еліміздің 9 өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 79 учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Осы жағдайларда полиция қызметкерлері авариялық-құтқару және жол қызметтерімен бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөліктердің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдады". Қайсар Сұлтанбаев

Оның айтуынша, өз кезегінде жекелеген жүргізушілер полиция блок-бекеттерінде енгізілген қозғалысты шектеу шараларын елемей, қауіпті жол учаскелеріне шығып кетіп отырды.

"Көп жағдайларда осы көлік құралдары қар көшкен жерлерде қалып қойып, оларды эвакуациялау мен өмірлерін құтқару үшін полиция және төтенше жағдай қызметкерлері бастарын қатерге тігіп, ресурстарды шығындауға мәжбүр болды. Жүргізушілердің көбі әрекеттерінің маңыздылығын, сондай-ақ өздері үшін ғана емес, жолаушылар үшін де жауапты екендерін түсінбейді". Қайсар Сұлтанбаев

Мәселен, 4-5 қаңтарда Қарағанды облысының Балқаш қаласы маңында автожолдың ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық учаскесінде 400-ден астам көлік құралдарында 1,5 мың адам жиналған. Тіпті, осы учаскеде 5 автокөлік қар үйіндісіне батып, кері қайтқан. Осыған қарамастан жекелеген жүргізушілер полиция және әкімдік қызметкерлерінің заңды талаптарына өздерін агрессивті және дөрекі ұстап, балағаттауға жол беріп, күш қолдануға дейін барды.

Жол жиегі арқылы өтпекші болған Hyundai Creta автокөлігінің жүргізушісіне қатысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазір іс әкімшілік сотқа жолданған. Осыған ұқсас жағдай 4 қаңтарда республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында Абай облысының Боғас, Көкпекті ауылдары маңында болды. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және қауіпті жабық учаскеге шыққаны үшін Lada 21703 және Toyota Avalon маркалы автокөлік құралдарының екі жүргізушісіне қатысты Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Ауа райы нашарлаған кезде sms-хабарламалар, интернет-арналар және телерадио хабарларын тарату арқылы тұрғындардың автожолдардағы жағдайлар туралы уақытылы хабардар етілетіндігін атап өту қажет".Қайсар Сұлтанбаев

Спикер сөз соңында көлік құралдары жүргізушілерін тасжолға шығаберісті жапқан полицияның заңды талаптарына бағынбаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамақа алу жазасы бар екендігін ескертті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: