Павлодар облысында дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті

Павлодар облысы, мектеп, шатыр, дауыл Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылында дауыл мектептің шатырын ұшырып әкетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Zakon.kz басылымына хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 9 қаңтарға қараған түні болған.


"Жел Березовская орта мектебінің екі қабатты ғимаратының спорт залының шатырын ұшырып әкетті". Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Павлодар облысы, шатыр, дауыл, мектеп

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, оқыс жағдай кезінде ешбір адам зардап шекпеген.

Сондай-ақ синоптиктер түнде желдің екпіні секундына 17 метрге жеткенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз