Петропавлда автобус пен көлік соқтығысып қалды, зардап шеккендер жоқ

10 қаңтарда Петропавлдағы Назарбаев-Бөкетов көшелерінің қиылысында LADA Niva көлігі мен 7 жолаушы болған №7 маршруттық автобус арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.
"ЖКО фактісі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша "Көлік құралдарының жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануы" бойынша материал жиналды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
0
Толық оқу