Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады

Есірткі бизнесі Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
2023 жылдың 10 қаңтарында полицейлер арнайы операция жүргізіп, Талғар ауданының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады. Нарколаборатория Жаңалық кентіндегі үйлердің бірінде ісін дөңгелетіп жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, оның барысында 8,39 грамм "мефедрон" есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 келі 162 грамм БК-4, жалпы салмағы 2 келіден асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар, есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді.

Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз