Ақорда Тоқаев пен шейх Мұхаммедтің ресми кездесуінен фотосуреттер жариялады

Ақорда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен ресми кездесуінен фотосуреттер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері президентінің "Әл-Уатан" сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz
Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Бөлісу
0
Толық оқу