Синоптиктер 18 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің бүкіл аумағы ауқымды антициклонның ықпалында, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, боран соғады. Республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.

"Солтүстікте, шығыста, Жетісу мен Алматы облыстарының таулы аймақтарында түнде 25-26 градус аяз сақталады"."Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде - 22-24°С, күндіз -13-15°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -5-7°С.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -1+1°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз