Алматыда үшем босанған әйел: Әкімдік қызметкері екі бөлмелі пәтер береміз деп, жауапсыз қалдырды

Үй Сурет: pixabay
Алматыда үшем босанған әйел әкімдік қызметкері перзентханада екі бөлмелі пәтер береміз деп, кейін жауапсыз қадырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айжан Самат жатақхананың бір бөлмесін бес баласымен және жолдасымен жалдап тұрады. Ол 2022 жылғы 1 қыркүйекте үшем босанған. Айжанның сөзінше, әкімдік қызметкерінің бірі босанған кезде арбасын арқалап келіп, "екі күнде үй береміз" депті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Әкімдікке барып едік, "қалада үш жыл тіркеуде болмағансыздар" деді. Сол себепті үй берілмейді деген жауап алдық. Үкіметтен осы үш балапаныма үй берсе екен деп сұраймын. Үй керек, балаларға қиын болып жатыр. Балаларым жылап жатыр, осы үш айдың ішінде біз үш рет ауруханаға түстік. Инфекция бөлімшесіне. 20 күннен, 10 күннен түсіп жатырмыз. Мына жақ қапырық". Айжан Самат

Ал Алматы әкімдігі заң бойынша үшемге үй берілсін деген заң жоқ екенін айтып отыр.  Ал бұл отбасыға әкімдіктің қай өкілі "үй береміз" деп уәде еткенінен хабарсыз екен.

"Ол жайлы, шынын айтсам, бізде ақпарат жоқ. Кім барғанын, кім қалай айтқанын, ондай бізде ресми ақпарат жоқ. Ал ол кісі шағымданса, әрине, біз өз ресми жауабымызды берер едік". Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз