Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде өртенген ЖЭО меншік иелеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 19:50 Сурет: tets.kz
Өңір басшысы Даниал Ахметов таңертең көмір беру жолында өрт шыққан Риддер жылу электр орталығында болып, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 2 сағаттың ішінде ауыздықталған. 

Даниал Ахметовтың пікірінше, қалада жылу беру тоқтап қалады деп уайымдауға негіз жоқ.  Оның айтуынша, 4 қазандық жұмыс істеп тұр, станция отынның басқа түрі - мазутқа уақытша көшірілді.

"Алғашқы апат орын алған күн - 6 қарашадан бері Риддер ЖЭО меншік иесі жағдайды түзеу үшін ештеңе істеген жоқ, қазір тек облыстық әкімдіктің кепілдік беруімен Қаражырадан көмір, ҚазМұнайГаздан мазут жеткізіліп жатыр. Шамамен 600 млн теңге құрылыс және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалды, бүгіндері кәсіпорын жұмысқа қабілетті күйде. 4 жыл бойында мүлде күрделі жөндеу деген болмаған. Мұнда технологиялық тәртіп сақталмаған, желдету, тазалау жүйесі мүлде жұмыс істемейді, салдарынан көп көлемде күлдің шаңы жиналып қалған. Біз бірнеше мәрте ескерту жасадық, алайда станция қожайыны мәселені еңсеру үшін ешқандай әрекет жасамады", - дейді Даниал Ахметов

 Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары "Риддер ЖЭО" АҚ меншік иелеріне қатысты тергеу амалдарын қолға алды, ол аяқталғаннан кейін станцияның болашақ тағдыры туралы мәселе шешілетін болады.

"ЖЭО не мемлекеттің меншігіне өтеді, не біз Риддер тұрғындары алдындағы барлық шарттық міндеттемелерді орындауға дайын инвестор табамыз", – деп сөзін қорытындылады өңір басшысы.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласында ЖЭО аумағында өрт болғандығы хабарланған болатын. Оның видеосы желіде жарияланды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: