Мемлекеттік қызмет істері агенттігі министрлер кабинетіндегі жас министрлер туралы айтты

Министрлердің орташа жасы қанша Сурет: senate.parlam.kz
20 қаңтарда ведомствода өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жас мамандарды басшылық қызметке алу жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік басшысы кабинеттегі жас министрлер мәселесіне тоқталды. Жастарды басшылық қызметке алу жалғасады.

"Сосын біз жұмысты жалғастырамыз. Жаңа ғана айттым, биыл президенттік жастар резерві бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қазір бізде 250-ге жуық резервші жұмыс істейді, оның 33-і саяси және корпус А-да. Болашақта біз жұмыс істейміз, кеңес береміз. Дарынды мамандарды жоғары лауазымға орналастыру бойынша ұсыныс айтамыз".Дархан Жазықбаев

Сонымен қатар ол орталық мемлекеттік органдар басшылары, министрліктер мен ведомстволар басшыларының орташа жас шамасын жариялады.

"Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы - 39. Еңбек өтілі, тәжірибесі орташа есеппен - 11 жыл".Дархан Жазықбаев

2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеу тәртібі өзгергені хабарланған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз