Жаңалықтар тізбегі
0

"Ауыл" партиясының төрағасы: Біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз

Үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2023 16:24 Сурет: auyl.kz
21 қаңтарда алдағы сайлауға байланысты "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, кеше "Amanat", "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясы" да мәлімдеме жасаған болатын.

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Біздің қатарымызда аграрлы сектор, білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар. Қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылда тұрады. "Ауыл" саяси партиясының төрағасы Әли Бектаев

Оның айтуынша, ауылды, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі.


"Бұл - біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды. Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандырады. Себебі біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. "Ауыл" партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар. Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз". Әли Бектаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: