Жаңалықтар тізбегі
0

RaiM қазақстандықтарға үндеу жасады

RaiM қазақстандықтарға үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 15:59 Сурет: Instagram/aidyn_nury
Танымал әнші Ерке Есмахан мен "Самая вышка" хитінің орындаушысы Райымбек Бақтыгереев (RaiM) өткен аптада некесін қиып, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ оларға бағытталған хейт әлі толастар емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ерке мен РайМ кездесіп жүр" деген қауесет 2022 жылдың желтоқсан айында тарады. Ал 2023 жылдың қаңтарында 38 жастағы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына 26 жастағы орындаушымен қарым-қатынаста екенін растайтын фотолар жариялады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде олардың арасындағы 12 жас айырмашылығына байланысты пікірталас басталып, ерлі-зайыптыларға өшпенділік толқыны бағытталды. 20 қаңтарда әншілер шариғат бойынша мешітте некесін қиғанын хабарлады.

Сонда да хейтерлер әлі күнге дейін жұпты сынауын доғармай жатыр. 22 қаңтарда Еркенің күйеу жігіті - RaiM Instagram-дағы парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады. Оның айтуынша, біріншіден, 2023 жылдың қаңтары өткен жылға қарағанда қуанышты. Екіншіден, әр адамның өткені, өз қатесі бар. RaiM қазақстандықтардан хейтті тоқтатуды өтінді.

"Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биылғысы қуанышты ғой?! Былтыр соғыс болып, адам өліп, еліміз, жеріміз қанға боялғанын ұмыттыңыздар ма? Екіншіден, әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз идеал болып, сонша неге артымызға түсіп алдыңыздар? Іздесе, әрқайсыңыздың кем тұсыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар. Үшіншіден, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз - некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиеті жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар. Естігілеріңіз келсе, айтайын: біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды анық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар!", - деп жазды РайМ.

20 қаңтарда Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереевтің (RaiM) неке қию рәсімін жасап, ислам діні бойынша ерлі-зайыпты болғаны белгілі болды. Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева мешіттен эксклюзив фотоларды бөлісті. Кейінірек жас жұбайлар мешітте түскен фотоларын өздері де жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: