Жаңалықтар тізбегі
0

Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

Арман Дүйсенов қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 12:17 Сурет: wikimedia
Әнші Индира Елемес белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың өмірден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші қалың жұртқа Instagram-дағы парақшасында естіртті. Индира Елеместің администраторы бұл ақпаратты растады.


"Арман ағау! Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын", - деп жазды әнші.


Қаралы хабарды продюсер Ерғали Әбдірайымов та жариялады.

"Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу, айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін", - деп жазды ол.

Арман Дүйсенов - белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттің авторы. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Оны әріптестері әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі деп, жоғары бағалайды.

Арман Дүйсеновтің әсіресе Алтынай Жорабаева орындайтын "Ағажан" әні мен өзі Динара Қырықбаевамен бірге шырқайтын "Ұстазым" әні көпке танымал. Мектеп оқушылары "Ұстазым" әнін әлі де орындап жүр. Сонымен қатар композитордың "Фотограф", "Сен", "Мәңгілікке", "Бақыт таңы", "Үміт арман", "Сен ғана". "Шаттығым сенсің" әндері де белгілі.

Музыканттың шығармашылық жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен XXII Республикалық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанғаннан басталды. Сол жылы дирижерлер Т.Әбдірашев пен Ю.Дороховскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрамында Швейцария қалалары мен Лихтенштейн Князьдігіне халықаралық гастрольдік сапарға қатысты. 1995 жылы «Достар» поп-джаз-рок тобының жетекшісі бола жүріп, Республикалық «Жас-Қанат» байқауында «Халық таңдауы» сыйлығының иегері атанды. 1992-1996 жылдар аралығында ол жыл сайын Байройттегі (Германия) халықаралық Das Treffen фестиваліне қатысады. Онда әлемнің 42 елінің өкілдері қатысатын симфониялық оркестрде үш рет Гран-при лауреаты және топтың сүйемелдеушісі болды.

1997 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының халық артисі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің «Музыка және орындаушылық өнер» кафедрасында сабақ берген. Содан кейін Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Асанәлі Әшімов, Рахманқұл Бердібаев, Бағыбек Құндақбаев, Әшірбек Сығаевтармен бірге республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған жас талантты әншілер мен актерларды тәрбиелеуге атсалысқан. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: