Тоқаев "ҚР Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа бірқатар өзгерістер енгізді

Жарлық Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа енгізілген өзгерістер туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылады.

Сот әкімшілігінің міндеттері:

- Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру;

- Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау;

- Сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.

"Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі", делінген құжатта.

Мұндай тәсіл арқылы Судьялар корпусы сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне толығымен шоғырланатын болатыны атап көрсетіледі. 

Сот Әкімшілігінің құрылымында ҚР Жоғарғы Сотының аппараты құрылады.

Айта кетсек, Сот әкімшілігі қызметкерлерінің жалақы деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де шарттары бойынша ҚР Премьер-министрі кеңсесінің және ҚР Парламенті палаталары аппараттарының қызметкерлеріне теңестіріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз