Таразда сәбилерді саудалады деген күдікпен екі медицина қызметкері ұсталды
Сурет: unsplash
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.
"Бұл тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында".Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript