Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы чемпионатта тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы чемпионатта тағы екі алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 15:44 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Таиландта 22 жасқа дейінгі бокстан Нұрсұлтан Алтынбек пен Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды. Оларға 54 және 57 келі салмақ дәрежесінде тең келетін ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) Азия чемпионатының финалдық белдесуінде филиппиндік Флинт Джараны 5:0 есебімен сенімді жеңіп, оған мүмкіндік қалдырмады.

Сонымен қатар 57 келіге дейінгі салмақта "алтынға" Махмұд Сабырхан мен ринг иесі Саравут Сукхет таласты. Қазақстандық басым түсіп, жергілікті боксшыны жеңді.

Қазір қазақстандық боксшылар бұл жарыстарда ең жоғары құнды бес жүлдені өз қоржынына салып отыр. Оның екеуі біздің қыздар Жасмин Қизатова мен Гүлсай Ержанның қоржынында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: