Ақтау тұрғыны оқушы баласының зорланғанын айтып, полицияға арыз түсірді

Зорлық-зомбылық Сурет: Zakon.kz
Ақтау қаласының тұрғыны полицияға баласына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деп шағымданды. Аталған істің мән-жайы анықтау үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен 35 жастағы азаматша жазбаша арыз түсірді.


Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз