Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай шекарасындағы өткізу бекетінде көліктердің электронды кезегіне бронь жасау қолданысы ұзартылды

Пилоттық жоба, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 12:16 Сурет: zhetysu.gov.kz
Қытай шекарасындағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде көліктердің электронды кезегіне тіркелу үшін бронь жасау қолданысының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пилоттық жоба 2022 жылдың 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін "E-border.kz" платформасы базасында жүзеге асырылды. 

Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда "Qoldau.kz" жүйесіне бұған дейін "E-border.kz" арқылы алынған шамамен 19 803 көлік кезегін көшіру жүзеге асырылды.

"E-border.kz" сервисіндегі броньдалған кезектер санының айтарлықтай көптігіне байланысты, сонымен бірге өткізу бекетіндегі өткізу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар бұған дейін берілген кезектердің жарамдылық мерзімін арттырып, есесіне келесідей үлестіру механизмін енгізу туралы шешім шығарды", делінген хабарламада. 

2023 жылдың 31 қаңтары мен 1 наурызы аралығында – "Qoldau.kz" платформасында 70 көлік "E-Border.kz" арқылы алынған ескі кезекпен өтеді, тез бұзылатын тауарлар тиелген, экспорттық немесе габаритті жүктер және электронды кезектің Уақытша өткізу сызбасына сай келетін өзге де категорияға жататын 30 көлік өткізілмек.

"2023 жылдың 1 наурызынан кейін бұл арақатынас өзгертіліп, бекеттің өткізу мүмкіндігі арта түседі. Бұл ескі кезектегі 70 және одан да көп автокөлік ("E-Border.kz"), 30 автокөлік – кезектен тыс тәртіп бойынша өтеді, тағы 30 және одан да көп көлік жаңа "CarGoRuqsat" кезек алған көліктер. Бұндай арақатынасты жүйе ҚХР мен ҚР өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігіне сай "E-Border.kz" сервисіндегі барлық кезек аяқталғанша  түзетіп отырады (аталған өткелдегі жобалық қуаттылық тәулігіне 1100 АТС құрайды)". 

Комитеттегілер атап өткендей, ұсынылып отырған сызба барлық тараптың, яғни кезекті реттеудің тиімді құралдарын енгізу бойынша мемлекеттің де, сыртқы сауда қызметінің бұған дейін кезек алып қойғандар және енді кезек алуға ниеттеніп жүрген қатысушыларының да мүддесін көздейді.  

Ережелерге сай, жаңа "CarGoRuqsat" сервисінде көліктерді тіркеу аталған көлік құралы бойынша қолданыстағы бронь болмаған жағдайда, нақты айтқанда "E-border.kz" тізімінде болмаған жағдайда мүмкін болмақ.

Тасымалдаушылар мен көлік құралдарының жүргізушілерін өз бағытын алдын ала жоспарлап, өткізу бекетіне белгіленген күні "CarGoRuqsat" қосымшасында жарияланатын тізілімдегі кезектің қозғалысын есепке ала отырып жоспарлауды сұраймыз. Жария тізілімде белгіленген күні көлік келмеген жағдайда кезектің күші жойылып, жүргізушілер броньдау процедурасын қайта жүзеге асыруға тиіс болады. 

Жаңа "CarGoRuqsat" сервисі тасымалдаушыларға өз сапарын жоспарлап, дұрыс бағыт жасап, көлік кезегі анағұрлым аз автомобиль өткізу бекеттерін таңдауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: