Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалім кәсіпкер бола ала ма

Мұғалім кәсіпкер бола ала ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 14:42 Сурет: primeminister.kz
Электронды үкімет сайтындағы осындай сауалға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі ҚР Конституциясына сай, әркімнің кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар деп жауап берді.

Сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 30-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік – бұл ҚР азаматтарының жеке тұлғалардың өз мүлкіне негізделген және таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар деп есептейміз", - деп қорытындылады Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл ретте министрлік "Педагог мәртебесі туралы" заңның 15-бабына сай мұғалім педагогика әдебін сақтауға міндетті екенін айтты.

Бұл ретте педагогтың кәсіптік қызметіне мынадай тұлғалар жіберілмейді:

  • заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогтың кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
  • ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сонымен қатар психикалық, мінез-құлық бұзылысы (аурулары), оның ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған психоактивті заттарды қолданумен байланысты;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;
  • ҚР Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: