Қаржы министрлігі Ресейдегі Қазақстан сауда өкілдігінің жабылуы жөнінде пікір білдірді

Қазақстан, Ресей, Сауда министрі, Ресейдегі сауда өкілдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 12:46 Сурет: gov.kz
ҚР Парламенті сенатының кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі не себепті жабылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің пікірінше, бұл "артық құрылымды" оңтайландыру мақсатында қабылданған шешім болса керек.

"Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады. Меніңше, артық құрылымдар оңтайландырып жатса керек. Ресеймен тығыз қарым-қатынастамыз деп айтылғанда, бұл Еуразиялық экономикалық комиссияны меңзеген едік." Ерұлан Жамаубаев

Оның пікірінше, Қазақстанның ЕЭК-тегі өкілдігі жеткілікті.

"Мәскеуде жүргенде бұл мәселені жауып тастай алатын барлық салаларда, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте өте құзыретті адамдар бар. Елшілік бар, ол да жеткілікті. Әртүрлі мемлекеттік органдардан белгілі бір өкілдер бар. Сондықтан мәселе тек қана мемлекеттік қызмет құрылымдарын оңтайландыру болып отыр". Ерұлан Жамаубаев

2023 жылғы 1 ақпанда Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясындағы сауда ынтымақтастығын реформалау ниетін жариялады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру үдерісі аясында Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін жою туралы шешім қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: