Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды су басты

су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 16:46 Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жамбыл облысының үш ауданындағы бірнеше ауылды су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу  аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 16:46

Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдалып жатыр, жағдай бақылауда.

су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 16:46

Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын дер кезінде жүргізіп жатыр. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: