Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері теннисшілерімізге қолдау көрсетті

Димаш Құдайберген, теннис, жанкүйер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 10:53 Сурет: Instagram/ktf.kz
Осы демалыс күндері теннистен Қазақстан құрамасы Чили құрамасымен Дэвис кубогы үшін матч өткізді. Теннисшілерімізді қолдауға әнші Димаш Құдайбергеннің 30-дан астам жергілікті жанкүйері келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергеннің чилилік фан-клубы Қазақстан құрамасының өкілдеріне екі күн бойы қолдау көрсетті. Жанкүйерлер арасында әйелдер де, ерлер де бар.

Чили, теннис, Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 10:53

Сурет: Instagram/ktf.kz

Олардың көбі әншінің Астана, Нью-Йорк, Мюнхен, Прага және басқа да қалалардағы концерттерін тамашалаған. Олар Димаштың әндерін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды. Қазақстандықтардың келуіне арнайы олар Kazajistan, pueblo valiente ("Қазақстан, қайсар халық") әнін жазып, шырқады.

Қазақстан тарапы ойынға Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлерін шақырып, оларға Қазақстанның туы мен басқа да кәдесыйлар үлестірді. Олар қазақстандық жанкүйерлермен бірге теннисшілерге қолдау көрсетті. Ал бірінші ойын күнінің соңында ол Қазақстан құрамасының ойыншыларымен фотосессия ұйымдастырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: