Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек министрлігі, қандас, этникалық қазақ Сурет: gov.kz
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Еңбек министрілігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз