Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйесіне кең ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Үкімет отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 21:59 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет және Павлодар облысының әкімдігі Екібастұз тұрғындарының пәтерлерінде және қаладағы әлеуметтік нысандарда температуралық режимді тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 ақпанда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы кеңесте жылу желілерінің бірқатар учаскелерін ауыстыру және ЖЭО-да жөндеу жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкімет басшының баспасөз қызметі.

Сол күні Екібастұзға Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ, Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өкілдері барды. Жөндеу барысымен танысқаннан кейін жұмыс тобының мүшелері әлеуметтік нысандар мен көп пәтерлі тұрғын үйлерге барды.

Бүгінгі таңда Екібастұз ЖЭО-да 5 қазандық – 2 энергетикалық және 3 су жылытатын қазандық жұмыс істейді. Тағы 5 қазандық жөнделіп жатыр. Сонымен қатар жылу желілеріндегі ақауларды жою жұмыстары тәулік бойына атқарылуда. Қазіргі уақытта квартал ішіндегі учаскелерде тіркелген 9 ақауды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар Екібастұзда жылу беру температурасын реттеу жұмыстары жалғасуда. Нормативке сәйкес, ол 77/53оС (шығу кезінде) болуы керек, қазіргі кездегі нақты көрсеткіш – 64/45оС (шығу кезінде). Сонымен қатар сыртқы ауа температурасы -21оС-қа жетеді.

6 ақпанда жылытудың температуралық параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептерін қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданды. Жұмыс аяқталғаннан кейін штаттық оқыту режимі қалпына келтірілмек.

Айта кету керек, қалада қалыпты деңгейде жылу берілмей отырған 28 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Осыған байланысты жылыту маусымы кезеңінде аталған үйлердің жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеп, неғұрлым жоғары параметрлер бойынша жылу беру туралы шешім қабылданды. Жұмыстарды тиісті коммуналдық кәсіпорындар жүргізетін болады.

Сонымен қатар қалада жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталатын кең ауқымды жөндеу науқанына дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалалық жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық аудит жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша оны кешенді қалпына келтіру шаралары айқындалатын болады. Жалпы ұзындығы шамамен 5 км болатын төрт жылу торабын реконструкциялау үшін ЖСҚ дайыналып, қазір олар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сонымен қатар қаланың квартал ішіндегі 400 км желілерін жөндеуге есептер дайындалды.

Ауқымды жөндеу науқанын жүргізу және қаржыландыру көздерін айқындау үшін облыс әкімдігі мен "ОАЭК" АҚ арасында жауапкершілікті бөлісу бойынша меморандум жобасы әзірленді.

Тұтынушыларға жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеу үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын есептеудің жаңа алгоритмі жасалғанын атап өткен жөн.

Облыстағы жылыту маусымын өткізу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: