"Яндекс.Таксиге" қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

"Яндекс.Такси",  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, такси Сурет: pixabay
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс.Такси" уәкілетті органның заңды талаптарын орындаудан жалтарып, қажетті ақпаратты бермеуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік 2022 жылы 2020-2021 жылдар кезеңінде таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің тауар нарығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша "Яндекс.Такси" нарығының үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы – 83,78%, 2021 жылы – 84,34% құраған. Астана қаласы бойынша 2020 жылы - 60,7%, 2021 жылы 67,3%. 

"Айта кету керек, "Яндекс.Такси" сервис қызметі туралы ақпарат беруден жалтарып, талдау жүргізуге кедергі келтірді, бұл сот талқылауларының нәтижелері бойынша расталды. Талдау нәтижелері бойынша "Яндекс.Такси" 2 жыл немесе одан да көп уақыт бойы тұрақты өскені, осылайша аталмыш нарықтағы тауар айналымының жалпы жағдайларын бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік алғандығы анықталды".Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Жүргізушілер мен сервис тұтынушыларының көптеген шағымы бойынша "Яндекс.Таксиге" қатысты монополияға қарсы жоғары бағаларды белгілеу рәсімдері бойынша монополияға қарсы тергеу басталған еді.

"Яндекс.Такси" комиссиясының мөлшері нарықтағы ең жоғары деңгейде және ҚҚС есебімен 17%-дан басталады. "Яндекс.Таксиден" басқа жүргізушілерден серіктестер такси парктерінен 4% комиссия алады. Бұл жағдайлар такси қызметтері құнының жалпы қымбаттауына алып келеді және сервис жүргізушілеріне шамадан тыс жүктеме әкеледі".Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдеуінще, "Яндекс.Такси" тергеуді бастау туралы монополияға қарсы органның бұйрығына шағымданды.

Бірінші сатыдағы сот шешімінен сот зерттеген мән-жайлар мен заңнама нормаларының жиынтығы монополияға қарсы органның бұйрықты қабылдау жөніндегі іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелденді.

"Мұндай жағдайларда Яндекс таксидің монополияға қарсы органның әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға жатады, өйткені сотта Бұйрықты қабылдау кезінде жауапты тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер белгіленбеген".Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бірақ сот тауар нарығын талдаудың 2022 жылғы кезеңінде болмауына байланысты тексерілетін кезеңнің бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады.

"Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган 2022 жылға арналған тауар нарығына талдау жүргізуде, алайда Яндекс. Такси қайтадан уәкілетті органның заңды талаптарын орындаудан жалтарып, қажетті ақпаратты бермей келеді, бұл агрегатор тарапынан монополияға қарсы іс жүргізудің қасақана кешіктіріліп жатқанын көрсетеді. Осыған байланысты, Яндекс таксиге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды".Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз