Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет екенін айтты

ҚР президенті, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 13:44 Сурет: akorda.kz
14 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттары алдында сөйлеген сөзінде Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі" деген Президент төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсеткенін, оның қатарында Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар екенін тілге тиек етті.

"Ер есімі – ел есінде". Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет ететінін айтты.

"Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған қоса Президент Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатқанын, жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланғанын атап өтті.


"Жалпы, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр".Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: