"Есімі Теодор". Мақпал Исабекова желіде баласымен түскен суретін жариялады

Қазақстанның эстрада әншісі Мақпал Исабекова Instagram парақшасында алғаш рет ұлының суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Танысып қойыңыздар, есімі - Теодор", делінген сурет сипаттамасында.
Суретке пікір қалдырушылар таңданысын жасырмай, әншінің баласы әкесінен аумай қалғанын айтады.

Сурет: Instagram/makosyai.Сурет авторы: Instagram/botaeltaeva
Тағы да:
- күйеуіңізді көрсетпей-ақ қойсаңыз да болады. Әкесінің тура көшірмесі ғой;
- үлкен, әдемі және бақытты жігіт болып өссін;
- жайнаған көзінен сол, жатқан бір тұңғиық әлем, десіп оң пікір қалдырып жатыр.
2022 жылы 24 маусымда әнші аяғы ауыр екендігі туралы сүйінші хабармен бөлісті.
Бөлісу
0
Толық оқу