Жаңалықтар тізбегі
0

Алмазбек Атамбаев емделу үшін Испанияға ұшып кетті

Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев, Испания, ем, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 13:07 Сурет: president.kg
15 ақпанда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті. Одан әрі емделу үшін Испанияға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sputnik-Қырғызстан басылымының жазуынша, Алмазбек Атамбаев ұлы Қадырбек Атамбаевпен бірге кеткен.

Саясаткер түрмеден шыққан соң шет елге ұшуға мүмкіндік алды.

Бішкектің Первомай аудандық соты бұрынғы президентке емделуге Қырғызстаннан кетуге рұқсат берді. Оған кем дегенде бір операция жасау қажет.

Айта кетейік, Молдовановка ауылындағы колониядан шыққан Атамбаев емделгеннен кейін елге қайтуға ниетті екенін айтқан. Сондай-ақ ол Испанияға сол елдің үкімет басшысының шақыруымен баратынын атап өтті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: