Жаңалықтар тізбегі
0

Ербол Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 18:45 Сурет: Facebook/yerbol.taszhurekov
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жж. Астана қаласы Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары. 

2016-2018 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: