Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар қағаз фабрикасынан шығатын иіске байланысты әкімге шағымданды

Алматылықтар қағаз фабрикасынан шығатын иіске байланысты әкімге шағымданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 14:29 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Наурызбай ауданы тұрғындарының бірі Алматы әкімі Ерболат Досаевтан қағаз зауытын тұрғын үй кешендерінің жанынан көшіруді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғынның айтуынша, зауыт Alma city тұрғын үй кешенінің қасында орналасқан. Негізі зауыт Алматы облысында орналасқанымен қала тұрғындары иістен зардап шегеміз дейді.

"Зауыттан шыққан иіс қорқынышты. Alma city тұрғын үй кешенінен Nurly Dala-ға дейінгі аумақта осындай иіс бар. Сонымен қатар екі тұндырғыш бар. Бұл зауыт ауаны ластамас үшін оны қала сыртына көшіру керек. Оның орнына аудан тұрғындарына мектеп, балабақша немесе қандай да бір демалыс орталығын салып беруге болады", - деді Алматы тұрғыны.

Әкім зауыттың Алматы облысына тиесілі екенін және оны көшіре салу мүмкін емес екенін айтты.

"Сондықтан зауыттың экология талабына сай жұмыс істеуін сұрайық. Зауытты бір жерге көшіру оңай шаруа емес. Бірақ мен Алматы облысының әкімінен тапсырма беруін, кәсіпорын иелерімен жұмыс істеуін, экологиялық талаптар мәселелерін қарастыруын сұраймын", - деп жауап берді".Ерболат Досаев

Бұған дейін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде әкім Абай даңғылындағы жұмыс қашан аяқталатынын айтып, қаладағы мопедтер мен мотороллерлердің жағдайын да қозғаған еді.

Сонымен қатар ол азық-түлік тауарларының бағасы күрт төмендейді деп күтуге болмайтынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: