Сирия мен Түркия шекарасында тағы да жер сілкінді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 00:17 Cурет: Indiana university
Сириямен шекаралас Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 6,4 балл болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.

CNN Turk хабарлауынша, Антакиядағы жаңа дүмпулер тұрғын үйлерді қиратты, бірақ олардың саны көрсетілмеген. Жер асты дүмпулері Хатаймен көршілес провинцияларда, сонымен бірге Сирия мен Ливанда сезілді.

6 ақпанда Түркияда тоғыз сағаттық интервалмен Сирияның солтүстік-шығыс бөлігіне әсер еткен 7,7 және 7,6 баллдық екі жер асты дүмпулері болды. 19 ақпанда кешке жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны Түркия аумағында 41 мыңнан асты.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: