23-25 ​​ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Қазақстан, ауа райы, ауа райы болжамы Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды, ол 25 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы мен температураның төмендеуіне әкеледі.

24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай болжанды.

"Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 25 ақпанда түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады"."Қазгидромет" РМК

Республика бойынша тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болжанады.

  • Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-15 °С аяздан 5-23 °С аязға дейін;
  • солтүстік-батыста 7-15 °С аяздан 17-28 °С аязға дейін;
  • солтүстікте және орталықта 13 °С аяздан 13-25 °С аязға дейін төмендейді;
  • шығыста 0-13 °С аяздан 6 °С жылы – 2 °С аязға дейін ауытқиды;
  • еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 0-8 °С жылы, таулы аудандарда 2-13 °С аяздан 0-5 °С аяз;
  • таулы аудандарда 5-13 °С аязға дейін, күндіз 7-21°С  жылыдан 6 °С аяз – 7 °С жылыға дейін төмендейді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз