Алматының емдеу мекемелерінде миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, емхана, ем, медициналық сақтандыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 17:17 Сурет: Zakon.kz
2022 жылы Алматының емдеу мекемелерінде миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы бөлімшесінің директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"2022 жылдың 11 айында Қор медициналық ұйымдарда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 100 мыңнан астам мін тапты", – деді Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтың басым бөлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда анықталған.

"Қор бөлімшесі өткен жылы 117 миллион теңгеден астам сомаға 93 мың заң бұзушылықты анықтады. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша 7,7 мың заң бұзушылық анықталды. Бұл заң бұзушылықтар бойынша 880 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды". Тілеухан Әбілдаев

Ол емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттары, қызмет құнының негізсіз өсуі және қызмет көрсетудің расталмаған фактілері туралы сөз қозғап отырғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: