Біраз ел бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартып жатыр
Германия бокс қауымдастығының спорт директоры Михаэль Мюллердің айтуынша, неміс боксшылары алдағы әлем чемпионатына бармайды. Бұл туралы Sportschau жазды. Қатыспау себебі ресейлік және беларусь спортшыларының өз ұлтының туы астында өтетін турнирге қатысуына емес, Германия құрамасының 2024 жылы өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысуға ұмтылуымен байланысты.
Бұған дейін бойкотқа байланысты АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Польша, Ирландия, Канада, Швейцария, Чехия және Швеция құрамалары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан еді.
2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-31 наурыз аралығында Нью-Делиде (Үндістан), ал ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.