Қазақстан алма мен алмұртты көбіне қай елдерге экспорттайды

Алма, алмұрт, алма экспорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 17:14 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
  • Қазақстанда өсірілетін алма мен алмұрт негізінен Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%-ы), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларус (216,9 тонна) елдеріне шығарылады.

Ең азы – Қырғызстанға: 37 тонна.

Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.

Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды.

ТОП 3 мемлекет:

  • Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%);
  • Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: