БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақ: 4 адам қаза тауып, екі адам зардап шекті
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барады.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.
Алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол кезде құрбан болғандар жоқ делінген.