Жаңалықтар тізбегі
0

Тікұшақ апатынан аман қалған адам жағдай қалай болғанын айтып берді

Тікұшақ апатынан аман қалған адам жағдай қалай болғанын айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 12:27 Сурет: unsplash
Батыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатынан аман қалған Сергей Щеглов әуе аппараты қалай ұшқанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сергей Щеглов – «Қазавиапас» компаниясының жетекші инженері, радио және электр құрылғылары бойынша қызмет көрсетеді.

Ол Ми-8 қатты қонғанда тікұшақтың артқы жағында болған.

"Тікұшақтың бәрі бүлінді, дымы қалмаған, жартысы жоқ. Редуктор - ең қарапайым, маңыздысы бір жерге ұшып кетті. Шынымен бәрі жақсы болған, үш сағатқа жуық ұштық. Ауа райы да ыңғайлы болып тұрған. Мен жай ғана артта конспект оқып отырдым. Бір кезде қарасам, жерде отырмын. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды".Сергей Щеглов

Сергей Щегловтың еңбек өтілі – 43 жыл. Оның айтуынша, тікұшақ өте жақсы, іс жүзінде жаңа.

"Тікұшақ өте сапалы... Ол барлығы 250 сағат қана ұшқан. Бұл айтарлықтай аз, былайша айтқанда әлі жап-жаңа. Онда барлығы қарастырылған. Неліктен бұлай болғаны түсініксіз", - деді Сергей Щеглов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: